Бұл сайт енді жаңартылмайды. Ешқандай жаңалық та, фильмдер де қосылмайды. Есесіне жаңадан "Киностан" деген сайт ашылды. Бәріңізді сол сайттың тұрақты қолданушысы болуға шақырамыз.
Жас дарындарға арналған халықаралық «Кинотаврик» фестивалі
енді Ресейдің Сочи қаласында ғана емес, Қазақстанда да өтетін болды.
Келер жылы өнер бәйгесі алғаш рет Алматы шаһарын думанға бөлемек.
Ал бүгін Алматыда «Кинотавриктің» салтанатты таныстырылымы
болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау ән-би, сәнгерлік өнер,
театр, кино секілді 7 номинация бойынша өтеді. Оған бойында дарыны бар ... Жалғасы »
АЛМАТЫ. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда алғаш рет балаларға арналған «Әнші болғым келеді» деп аталатын музыкалық комедия түсірілді.
Фильмнің
тұсаукесері Алматыда 15 наурыз күні өтеді. Ұзақтығы 1 сағат 20 минут
болатын бұл фильмде бас кейіпкерді 10 жасар Әйгерім Мергенбай ойнайды.
Қазақстандағы балаларға арналған тұңғыш фильмнің сценарийін жазған және
қоюшы режиссері - Данияр Саламат. Ал кинотуынды идеясының авторы
және бас продюсері - Алтын Маханбетова. Комедиядағы жас кейіпкерлерді ... Жалғасы »
Фильм 2010 жылдың 15 ақпанынан түсіріле басталды. Оққағар болып қызмет көрсететін Арсен атты жас жігіт үлкен ағасы қайтыс болған соң, оның кездейсоқ өлім еместігі туралы ақпаратқа тап болады. Осы сәтте әлдебір ұйым қауіпсіздік агенттері арқылы онымен байланысқа шығып, оның күдігін растайды. Енді ол қайткен күнде де шындықтың бетін ашпаққа бел буады. Қитұрқысы көп бұл істе ағасының өліміне жауаптылардың ұштығы жоғары жақты меңзейді. Тіпті бұл істің шет-шегі көрінбейді. Ал, істі аяғына дейін жеткізуге оның шамасы келе ме, күш... Жалғасы »
Қазір несиеге бәрін де алуға болады. Тұрғын үйді де,
автокөлікті де, тіпті, киімді де. Тек банк қарызын уақтылы өтей алсаңыз
болғаны. Ал махаббат атты құдіретті сезімді несиеге алуға бола ма? Бұл
сұрақтың жауабын режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың «Несиеге махаббат»
(«Любовь в кредит») атты кино-комедиясынан таба аласыз /Ақтөбе газеті/
АЛМАТЫ. 2 қаңтар. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ – Жақында үлкен
экранға 3D форматтағы алғашқы қазақстандық фильм шығады. Ш.Айманов
атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы мен «Бәйтерек» ұлттық
продюсерлік орталығы бірлесіп түсірген режиссер Егор
Михалков-Кончаловскийдің фильмі «А-ға оралу» деп аталады. Бұл
туралы «Қазақфильмнің» баспасөз қызметінен хабарлады.Фильм
«Ескендір Зұлқарнайынның жүрген жолдарымен» деп аталатын
деректі фильм түсіру үшін Алматыдан Астанаға аттанатын
кинотүсірушілер тобы туралы баяндайды.&n... Жалғасы »
АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ – Қазақ кино өнеріне
Қытайдан салмақты жаңа фильм қосылды. Бүгін Алматыдағы Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығында "Ақсарыбас” деп аталатын жаңа көркем
фильмнің таныстырылымы болды.
"Бұл фильм Қытай орталық телевизиясының кинофильм жасау орталығының
жетекшілігімен қазақ тілінде түсірілді. Актерлердің бәрі Шыңжаңнан
шыққан өнер адамдары. Сондай-ақ Қазақстаннан Нұрлан Әлімжанұлын
шақырдық. Кино 100 жылдың алдындағы қазақ сахарасындағы көшпенді
өмір, қазақы дүниетаным мен дәстүрлі мәдениетке негізделген. Ішінде
махаббат пен сүйіспеншілік бар”, – дейді ҚХР Шыңжаң автономиялық
аудандық Жазушылар одағы төрайымы, сценарий авторы Ергеш Құманбекқызы.
Қытай қазақтарының "Хасен-Жәмиләдан” бастау алған әрбір кино туындысын
қазақстандық көрермен барлық кезде үлкен ... Жалғасы »
қазақ кинолары, қазақстан киносы, қазақ фильмдері, қазақ фильмі, қазақ кино, казахстан киносы, казахстан кино, кино казахстана, казахстанские фильмы, казахстанское кино, қазақша кинолар, қазақша мультфильмдер, мультиктер, казак кинолары